Accessibility links

Түркияда «Әл-Қаидаға» қатысты күдіктілер ұсталды


Түркияның орталығындағы Эскишехир қаласында «Әл-Қаида» террористік ұйымына қатысты болуы мүмкін деген 28 күдікті ұсталды, олардың бірнешеуі әйелдер.

Бұдан бұрын Түркия БАҚ-ы елге шетелдік нысандарға теракт жасауға дайындық үстіндегі «Әл-Қаида» террористік ұйымына қатысты топтың кіргенін хабарлаған. Екі жыл бұрын 2003 жылы Стамбулда бірнеше теракт жасаған «Әл-Қаиданың» екі мүшесі өмір бойы тұтқында болу жазасына кесілген еді.
XS
SM
MD
LG