Ресей сыртқы істер министрлігі газ құбыры жарылысына байланысты Түркменстанмен арадағы дау өз шешімін табады деген сенімде. Өзбекстанмен шекараға жақын жердегі Түркмен газ құбырында сәуірдің 8-9-ы күндері жарылыс болып, Ресейге газ тасымалдау ісі тоқтап қалған-ды. Түркменстан Сыртқы істер министрлігі бұл жарылыс үшін Ресей Газпромын айыптап отыр. Себебі Ресей тарапы, ресми Ашхабадты ескертпестен, газ импорты көлемін күрт азайтып жібергендіктен, құбырдағы газ қысымы күшейіп кеткен. Мұның өзі құбыр жарылысына апарып соққан, дейді Түркменстан тарапы. Газпром “бұл айыптаулар-негізсіз” деп отыр.