Accessibility links

ЕуроОдақ Молдова билігін құқықтарды құрметтеуге шақырды


Еуропа Одағының сыртқы қатынастар бойынша комиссары Бенита Ферреро Уалднер Молдовадағы жағдайдың тынышталғандығын жылы қарсы алды. Бірақ ол сондай-ақ негізгі бостандықтарды құрметтеуге шақырды.

Құқық қорғаушы топтар Молдовадағы журналистер мен белсенділердің қысымға ұшырауына байланысты дабыл қаға бастаған болатын. Сайлауда коммунистердің жеңісіне наразы болған халық осы аптада президент пен парламент ғимараттарына шабуылдаған еді. Кейін елдің қауіпсіздік күштері ол ғимараттарды өз бақылауына алды. Молдова президенті Владимир Воронин елдегі толқуларға Румынияның қатысы бар деп айыптады. Қазір Бухарест пен Кишинев арасындағы қарым-қатынастар шиеленісті жағдайға тап болып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG