Accessibility links

Грузиядағы оппозиция шеруіне қатысушылардың саны азайды


Грузия астанасы Тбилисидегі шерулердің үшінші күнінде жағдай шиеленісе түсті. Оппозиция жетекшілерінің айтуынша, 50-ге жуық адам парламент жанындағы наразылық танытушыларға шабуылдап, ұрандар жазылған баннерлерін жыртқан және кабель сымдарын үзген. Алайда полицияның хабарлауынша, шерушілер көшелерді тазаламақ болған адамдарға кедергі жасаған.

Сенбі күнгі шеруге 5 мыңға жуық адам шықты. Оның алдындағы күндерде наразылық шарасына бұдан да көбірек адам қатысқан еді. Нарызылық танытушылар президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін талап етуде. Олар Саакашвилиді демократиядан алшақтады деп айыптап, сондай-ақ өткен жылы Ресеймен арада орын алған соғысқа байланысты сынап отыр.
XS
SM
MD
LG