Accessibility links

Тайланд үкіметі төтенше жағдай жариялады


Тайланд үкіметі Бангкок пен оның айналасындағы аймақтарда төтенше жағдай жариялады. Бұл елде наразылық шаралары одан әрі жалғасуда.

Сенбі күні шерушілер Азия саммиті өтпекші болған ғимаратқа шабуылдады. Наразылық танытушылардың бұл әрекеттерінен кейін шетел жетекшілерінің барлығы Паттайя курортынан эвакуацияланды. Нәтижесінде билік орындары екікүндік келіссөздерді кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Ал жексенбі күні шерушілер премьер-министр Абхисит Ветчатчивамен кездеспекші болып, ішкі істер министрлігіне барды, бірақ премьер көлігімен басқа жерге кетіп қалды. Хабарларға қарағанда, аймақта атыстар орын алуы мүмкін. Наразылық танытушылар биліктен кетірілген премьер-министр Таксин Шинауатраның қызметіне қайта оралуын қалайды.
XS
SM
MD
LG