Accessibility links

БҰҰ Пхеньянға қарсы жобаны әзірледі


Әлемнің 6 алпауыт елі Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруын айыптайтын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдеме жобасы бойынша келісті. Кеңестің тұрақты 5 мүшесі “президенттік мәлімдеме” атты жобаға сенбі күні өз келісімдерін берді. Бұл мәлімдемеде Пхеньянның зымыран ұшыруы Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзады делінген. Аталған мәлімдеме сондай-ақ БҰҰ-ның санкциялар жөніндегі комитетін Солтүстік Кореяға қарсы шара қолдануға шақырады. Бұл мәлімдемеге байланысты дүйсенбі күні дауыс берілмек.
XS
SM
MD
LG