Accessibility links

Молдова соты даулы сайлаудағы дауыстардың қайта саналуын бұйырды


Молдова Конституциялық соты парламенттік сайлаудағы дауыстарды қайта санау туралы шешім шығарды. Бұл өтінішті президент Владимир Воронин жасады.

Сәуірдің 5-дегі сайлауда Ворониннің Коммунисттік партиясы жеңіске жетуіне байланысты наразылық танытушылар парламент пен президент кеңселеріне шабуылдап, елде толқулар орын алды. Оппозиция сайлау қорытындысы бұрмаланды деп айыптап отыр.

Сот төрағасы Думитру Пубеленің айтуынша, сайлау ресмилері 9 күн ішінде дауыстарды қайта санап шығуы тиіс. Сайлаушылардың тізімі де тексерілетін болады деді Пубеле. Оппозицияның айтуынша, ол тізімде қайтыс болған адамдардың аттары болған.

Жексенбі күні Кишиневте мыңдаған адам оппозицияның жаңа шеруіне қатысты. Журналистердің хабарлауынша, қаладағы жағдай айтарлықтай тыныш көрінеді.
XS
SM
MD
LG