Accessibility links

Грузияда шерулер жалғасуда


Мыңға жуық оппозиция қолдаушысы жексенбі күні Тбилисидегі шеруге қатысты. Осымен Грузияда төртінші күн билікке қарсы наразылық шарасы ұйымдастырылып отыр. Шерушілер президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін талап етуде. Олар Саакашвилиді демократиядан алшақтады деп айыптап, сондай-ақ өткен жылы Ресеймен арада орын алған соғысқа байланысты сынап отыр.

Оппозиция жетекшілерінің айтуынша, сенбі күні 50-ге жуық адам парламент жанындағы наразылық танытушыларға шабуылдап, ұрандар жазылған баннерлерін жыртқан және кабель сымдарын үзген. Алайда полицияның хабарлауынша, шерушілер көшелерді тазаламақ болған адамдарға кедергі жасаған.
XS
SM
MD
LG