Accessibility links

АҚШ президенті сомалилік қарақшыларды атуға санкция берді


Бейресми мәліметтер бойынша АҚШ президенті Барак Обама Maersk Alabama американдық жүк тасымалдаушы кемесінің капитаны Ричард Филлипсті тұтқында ұстаған сомалилік қарақшыларға қарсы күш қолдануды санкциялаған.

Барак Обама тұтқынның босатылғанын білгеннен кейін онымен және оның отбасы мүшелерімен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Associated Press.

Б.Обаманың айтуынша, бұл теңізші «барлық американдықтарға үлгі болатындай ерлік көрсетті», осы үшін президент оған алғыс білдірді.

Р.Филлипс сомалилік қарақшылардың қолынан АҚШ әскери теңіз күштерінің сәтті жасалған операциясының арқасында құтылды. Тұтқынның өміріне қауіп төнгеннен кейін арнайы операцияны бастауға шешім қабылдаған олар кемедегі үш қарақшыны атып өлтіріп, Филлипсті құтқарып жіберген.
XS
SM
MD
LG