Accessibility links

Қарағандыда есірткі сатқан қылмыстық топтың жетекшілері бас бостандықтарынан айырылды


Қарағанды облыстық ҰҚК департаменті Абай ауданында есірткі сату желісін ұстап отырған ірі топты құрықтады. Абай аудандық сотының үкімімен аталған іс бойынша қылмыстық топтың үш жетекшісі өте ірі көлемде есірткі заттарын сақтағаны мен сатқаны үшін 11-13 жылға бас бостандықтарынан айырылды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Адвокаттар қылмыстық істер алқасына үкімге қатысты шағым жасады. Бірақ апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңдық күшіне енді», — дейді аудан прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы Жанар Жұманбаева.

Сотталған үшеу —Мамедов, Ахметов, Муллаяровтар сатып алушы рөлін ойнаған ҰҚК департаменті қызметкерлеріне героин сату барысында ұсталған.
XS
SM
MD
LG