Accessibility links

Қазақстан хоккейден Литва мен Хорватия командаларын жеңді


Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрама командасы өткен сенбі күні Литваның астанасы Вильнюсте басталған әлем біріншілігін өте сәтті бастады. Әлем біріншілігі “Б” тобына немесе бірінші дивизионға жататын құрамалардың арасында өтіп жатыр. Қазақ хоккейшілері үшін жоғары “А” тобына жолдама алу үшін Литва астанасында тек жеңіске жетуге тиіс.

Азаттық радиосына Вильнюстен Қазақстанның хоккей федерациясының Бас директоры Юрий Зверев телефон арқылы хабарлағандай, 11 сәуірде Қазақстан құрамасы алаң иелері – Литва командасын 4 : 1, жексенбі күні Хорватия құрамасын 5 : 1 есебімен ұтып, біріншілікті қарқынды бастады. Алайда, Юрий Зверев атап көрсеткендей, сейсенбі күні қазақ хоккейшілері Жапония құрамасымен күш сынасады. Бұл бірінші дивизиондағы мықты командалардың бірі саналады.
XS
SM
MD
LG