Accessibility links

Наразылық акциясына шықпақ болған бір топ адамды полиция ұстап алып кетті


Сәуірдің 14-і күні Алматы қаласындағы Республика алаңында Қазақстан президентінің бастамасына қарсы акция өткізбекші болған жастар ұйымдарының өкілдерін полиция ұстап алып кетті.

- Бізді Бостандық аудандық ішкі істер департаментіне алып келді. Барлығы 12 адам, - деді «АрРухХақ» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Төреғожина Азаттық радиосына.

Оның айтуынша, 30-ға жуық полиция жастарды наразылық акциясын бастамай тұрып, қоғамдық қордың ғимаратынан шығып келе жатқан жерінде ұстап, 4 автокөлікке тиеп алып кеткен.

Ұсталғандар Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың республика аумағында ядролық отын банкін орналастыру бастамасына қарсылық білдіріп Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдына жиналмақшы болған.
XS
SM
MD
LG