Accessibility links

Ядролық қауіпке қарсы Римде өтетін жиынға Қазақстанның өкілдері қатысады


ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың мәліметінше, сәуірдің 16-17-сінде Италияның астанасы Римде өтетін «Ядролық қауіпті жеңу» атты халықаралық конференцияға ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев қатысады.

Аталған конференция Италияның Сыртқы істер министрлігі, «Ядролық қауіпсіздік жобасы» американдық үкіметтік емес ұйымы және Советтер одағының бұрынғы басшысы Михаил Горбачевтің басқаруындағы Дүниежүзілік саяси ұйымның бастамасымен ұйымдастырылуда.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG