Accessibility links

Пхеньян алтыжақты келіссөзден шығатынын айтты


Солтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мәлімдемесіне қарсылық ретінде қарусыздану жөніндегі алтыжақты келіссөздерден шығып, өзінің ядролық бағдарламасын дамыта беретінін айтты. Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянның осы айдың басында ұшырған зымыранын айыптап, дүйсенбі күні мәлімдеме таратқан болатын.
Солтүстік Кореяның ақпарат агенттігі хабарлағандай, ресми Пхеньян ресмилері Қауіпсіздік Кеңесінің шарасын қабылдамай, ядролық қарусызданудан бас тартуға шақырған алтыжақты келіссөздерге бұдан былай қатыспайтындарын мәлімдеп отыр.
Ол келіссөздерге Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Ресей және Құрама Штаттар қатысып жүрген.
XS
SM
MD
LG