Accessibility links

Тұрғын үй басқармасының бастығын тұтқындауға санкция соттан сұралады


ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкерлері (қаржы полициясы) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында қызмет бабын асыра пайдаланды және 25, 6 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұстаған Астана тұрғын үй басқармасының бастығы Е. Қабылдин, «Квартирное бюро» АҚ-ның жетекшісі Е. Түктібаев және жеке кәсіпкер А. Жаныбаевтар бүгін тұтқындауға санкция алу үшін соттың алдына шақырылады.

«Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Ерекболат Қабылдиннің үстінен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Айталық, ол Астананың төртінші ықшамауданында №21 тұрғын үйдің шатыры жөнделді деп атқарылған жұмыс жөніндегі жалған актіге қол қою арқылы мемлекетке шамамен 4,2 млн теңгенің шығынын келтірген. Күдіктілер қазір Астананың уақытша ұстау абақтысында отыр. Олардың басқа да заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Бүгін оларға ресми айып тағылады және аталған тұлғалар тұтқындауға санкция алу үшін сотқа таныстырылады», — деді қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

XS
SM
MD
LG