Accessibility links

Альянс Банк жоғарғы білім алуға берілетін алғашқы несиені мақұлдады


Алматыдағы Альянс Банк АҚ студенттерге жеңілдікпен несие беру мемлекеттік бағдарламасының аясында жоғарғы білім алуға алғашқы несие беруді мақұлдады.

Аталған бағдарламаның алғашқы салымшысы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің инженерлік-экономикалық факультетінде «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенті Алдияр Айдаш болды. 18 жастағы Алдияр екінші және үшінші топтағы мүгедек ата-анасымен бірге Алматы қаласында тұрады.

Несиенің қайтарылуына ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ мен Қазақ экономикалық университеті кепіл болып отыр.

«Бұл бағдарламаға студенттердің қызығушылығы жоғары, бірақ талапкерлердің бәрін қамтуға шектеулер мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан біз бұл мемлекеттік бастаманың көлемі мен қуаттылығын ескеріп «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесе, өзгертулер енгізумен шұғылданудамыз», — деді Альянс Банктің басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.
XS
SM
MD
LG