Accessibility links

Обама ел экономикасына қатысты мәлімдеме жасады


Президент Барак Обама АҚШ үкіметінің экономиканы жандандыруға бағытталған әрекеттері даму белгілерін көрсете бастады деп мәлімдеді. Бірақ Обама рецессиядан шығуға тырысып жатқан әлемдегі ең ірі экономика үшін 2009 әлі де болса күрделі жыл болып қала береді деп ескертті. Бұл туралы Обама Вашингтондағы Джорджтаун университетінде сейсенбі күні сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

АҚШ Орталық банкі – Федералдық қор төрағасы Бен Бернанке де экономиканың күрт құлдырауы бәсеңдеуі мүмкін деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG