Accessibility links

ЕуроОдақ Түркия-Армения шекарасын ашуға шақырды


Еуропа Одағының Оңтүстік Кавказдағы арнайы өкілі Түркияны Армениямен арадағы шекарасын ашуға шақырды. Бұл туралы Питер Семнеби АҚШ президенті Барак Обаманың өткен аптадағы осыған ұқсас шақыруларынан кейін сейсенбі күні мәлімдеді. Семнебидің айтуынша, Түркия-Армения қарым-қатынастарының қайта қалпына келуі аймақтағы елдерге пайда әкеліп, Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуға деген ұмтылыстарына көмектеседі.

Түркия мен Армения өткен жылы дипломатиялық байланыстарын орнатуға бағытталған жоғары деңгейлі келіссөздерін бастаған болатын. Түркия Армениямен арадағы шекарасын Әзірбайжанға қолдау көрсету ретінде 1993 жылы жапқан-ды.
XS
SM
MD
LG