Тайланд биліктен кетірілген бұрынғы премьер-министр Таксин Шинауатраның төлқұжатын жойды. Шинауатраға елдегі саяси толқулардың орын алуына түрткі болды деген айыптар тағылып отыр. Үкімет баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Азия саммитіне кедергі жасаған наразылық танытушылардың әрекетіне байланысты Шинауатраның төлқұжатын жою жөнінде шешім шығарылған. Тайланд соты Шинауатра мен оның негізгі 12 қолдаушысын қамауға алуды бұйырды.
Бангкокта орын алған үкіметке қарсы наразылық шаралары барысында 2 адам қаза тапты. 2006 жылы биліктен құлатылған Таксин Шинауатра қуғында жүр.
Бангкокта орын алған үкіметке қарсы наразылық шаралары барысында 2 адам қаза тапты. 2006 жылы биліктен құлатылған Таксин Шинауатра қуғында жүр.