Accessibility links

Қазақстан Грузияда өтетін НАТО күштерінің оқу-жаттығуларына қатысады


Қазақстан 6 мамыр мен 1 маусым аралығында Грузияда өтетін НАТО қарулы күштерінің оқу-жаттығуларына қатысады, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» атты бағдарлама аясында өтетін бұл шараға Албания, Армения, Әзірбайжан, Босния мен Герцеговина, Канада, Хорватия, Чехия, Грузия, Венгрия, Грекия, Қазақстан, Молдавия, Сербия, Испания, Македония, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания мен АҚШ сияқты 19 мемлекет қатысады.

Аталған шараның мақсаты Солтүстікатлантикалық одақ елдері мен оның серіктестерінің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты жақсарту.
XS
SM
MD
LG