ҚазТАГ – тың хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы балалар құқын қорғау департаментінің директоры Сабыр Әбілкәрімовке қатысты екі қылмыстық іс қозғады.
Облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары Ғизат Әбдірахмановтың айтуынша, қаржы полициясына балалар құқын қорғау департаментінің директоры іссапарға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген дерек түскен. Осы бойынша тексеру жүргізу барысында С. Әбілкәрімов аға инспектор Гүлмира Рахымжановаға 150000 теңге пара ұсынған.
С. Әбілкәрімов пара бергеннен кейін дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалып, тұтқындалған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 312 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Департамент директоры тұтқындалғаннан кейін қаржы полициясына департамент қызметкерлеріне берілген материалдық көмек пен өтемақының негізділігі мен заңдылығы туралы акт түседі.
«Бақылау нәтижелері бойынша С. Әбілкәрімовке төленген материалдық көмек үкімет қаулысына қайшы келеді. Бұл дерекке сәйкес С. Әбілкәрімовке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 307 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілді, қазір жемқорлықтың қосымша деректерін әшкерелеу мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», — деді Ғ. Әбдірахманов.