Accessibility links

Үндістанда 5 сатылық сайлаудың бірінші сатысы басталды


Бүгін Үндістанда парламент сайлауының бірінші сатысы өтіп жатыр. Жалпы 1 айдың ішінде сайлаудың 5 сатысы өтуге тиіс.

Дауыс берудің қарсаңында бірқатар ауданда маоистердің сайлауға бөгет жасау мүмкіндігіне байланысты қауіпсіздіктің қатаң шаралары қабылданды. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 2 миллионға жуық полицей жұмылдырылды.

700 миллион сайлаушының дауысы үшін өзара бақталасқан ең басты саяси күштер – билік басындағы Үндістанның ұлттық конгресі мен ұлтшылдардың «Бхаратия Джаната» патиялары болып отыр.

XS
SM
MD
LG