Accessibility links

Чешенстанда терроризмге қарсы күрес бәсеңдейді


Чешенстанда 10 жыл бойы жалғасқан терроризмге қарсы соғыс операциясы тәртібі күшін жойды. Ресейдің терроризмге қарсы комитеті хабарлағандай, 16 сәуірдің алғашқы сәтінен бері қарай Чешенстанда терроризмге қарсы күрес Ресейдің басқа аймақтарындағы жалпы ереже бойынша жүзеге асырылады.

Чешенстандағы терроризмге қарсы соғыс операциясы тәртібі 1999 жылы орнатылған болатын. Ол тәртіпті жоюды Ресей президенті Дмитрий Медведев ұсынды.
XS
SM
MD
LG