Accessibility links

Молдова: дау туғызған сайлау нәтижесі қайта есептелді


Молдованың Орталық сайлау комиссиясы 5 сәуірдегі парламент сайлауында берілген дауыстарды қайта есептеуін аяқтады. Комиссияның хатшысы хабарлағандай, сайлаудың нәтижесі заңда көрсетілген мерзімде жарияланады.

Дауыстарды қайта есептеу бақылаушыларсыз өтті. Қайта есептеуді билік басындағы Коммунистік партияның көсемі, президент Владимир Воронин сұрады. Ал оппозиция бюллетендерді емес, сайлаушылардың тізімдерін тексеру керек деген уәжбен, дауыстарды қайта есептеуге қатысудан бас тартты.

Сайлаудың ізінше оппозиция билікті сайлаудың нәтижесін бұрмалады деп айыптап, оның өткен аптадағы наразылық толқуы Кишиневте жаппай тәртіп бұзушылыққа ұласты.

XS
SM
MD
LG