Accessibility links

Ақ үй Палестина мемлекетін құруды қалайды


Америка Құрама Штаттары Палестина мемлекетін құруды көздейді. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнаулы өкілі Джордж Митчелл Израиль билігімен кездесуі барысында осылай деп мәлімдеді.
Ол Израильдің жаңа сыртқы істер министрі, әсіре оңшыл саясаткер Авигдор Либерманмен кездесті. Либерманн Палестина мемлекетін құру мәселесі бойынша алдыңғы үкіметтің бастамасына қарсы шыққан болатын. Израиль өкілдерінен кейін Митчелл Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббасқа жолығады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG