Accessibility links

Сауд Арабиясы Қазақстандағы спорт нысандарының құрылысына қатыспақ


Эр-Риядта ҚР елшісі Қайрат Лама Шариф Сауд Арабиясының жастар ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы, ханзада Сұлтан бен ‎Абдел Азиз әл Саудпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жастар саясаты мен спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Өз кезегінде ханзада Сұлтан Сауд Аравбясының Қазақстанмен жастар саясаты мен спорт саласында жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Тараптар Қазақстанға осы жылы Сұлтан бен ‎Абдел Азиз әл Саудтың сапарын ұйымдастыру мен жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қоюға уағдаласты.

Кездесу қорытыныдысы бойынша Сауд Арабиясы Қазақстандағы олимпиадалық стандарттарға сәйкес салынатын спорт сарайлары мен нысандарының құрылысына қатысатын болды.
XS
SM
MD
LG