АҚШ президенті Барак Обама Куба елімен жаңа сипаттағы қарым-қатынастар мүмкіндігін іздестіруге уәде берді. Сондай-ақ Америка құрлығындағы барлық елдермен тең дәрежедегі әріптестік байланыстар орнатуға ұмтылатынын да айтты. Обама бұл пікірін Латын Америкасы мен Кариб аралдары мемлекеттері басшыларының Тринидадтағы кездесуінде білдірді. Обаманың айтуынша, оның әкімшілігі Кубаны адам хұқықтары, сөз бостандығы және тағы басқа да реформаларды жүргізуге ынталандырмақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV