Accessibility links

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Мысыр президентімен кездесті


АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Джордж Митчель аймаққа сапарын одан әрі жалғастыруда. Ол бүгін, сәуірдің 18-де Мысыр президенті Хосни Мубаракпен кездесті. Митчель жұма күні Батыс жағалауда Палестина басшыларымен кездескен болатын. Араб жағының бейбітшілік жөніндегі бастамасы, қос мемлекет құру туралы, Израиль мен Палестина арасындағы шешімге арағайындық ету барысында АҚШ ұстанымдарының бір бөлігі болмақшы деді ол.

2002 жылғы ол жоспар Израилдің барлық Араб елдерімен қалыпты байланыс орнатуына мүмкіндік берген еді. Оның есесіне Израиль 1967 жылғы Таяу Шығыс соғысында басып алған барлық жерлерінен шығатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG