Accessibility links

Түркия соты 51адамды Күрд көтерілісшілерімен байланысы бар деп айыптады


Түркияда 60-қа жуық адам Күрд жікшіл көтерілісшілерімен байланысы бар деген күдікпен жұмада тұтқындалған. Сот олардың 51-ін Күрд жұмысшылар партиясымен (ПКК) байланыста деп айыптады. Олардың қатарында Демократиялық қауымдастық партиясының Стамбулдағы кеңсе басшысы да бар. Аталған партия-Түркияда ресми тіркелген жалғыз күрд партиясы. Ол партия Күрд жұмысшылар партиясымен байланысы бар деп көптен бері айыпталып келген еді. Демократиялық қауымдастық партиясы болса, ПКК-мен ешқандай байланысымыз жоқ деп отыр.
XS
SM
MD
LG