Канада полициясының айтуынша, Махмуд Йадегари ядролық технологияны Иранға жеткізбек болған кезде тұтқындалған. Ол технология уранды байытуға қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ әскери мақсатта да пайдаланылуы ықтимал. Полицияның сөзіне қарағанда, Йадегари ол технологияны АҚШ-тың Бостон қаласынан Торонтоға, содан кейін Дубай арқылы Иранға жеткізбекші болған. Бұл тұтқындау АҚШ İшкі істер министрлігінің өтінішінен кейін жүзеге асқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Көрсетілмейтін дерек
Қазақстанда күштік құрылымдардың шығыны қанша?
-
Орталық Азия азаматтары
Ресейде еңбек мигранттарына әскерден бөлек экономика да мұқтаж