Accessibility links

Грузия оппозициясы біртұтас екендігін мәлімдеді


Ол мәлімдеме сенбіде жарияланды. Олар президент Михаил Саакашвилиді демократиялық өзгерістерді жүзеге асыра алмады және Ресеймен тамыз соғысында елге дұрыс басшылық жасай алмады деп айыптап, оның қызметтен кетуін талап етуде.

Кейбір қаңқу сөздерге қарағанда оппозиция жікке бөлініп, олардың кейбірі Саакашвилимен келіссөздер жүргізбекші еді. Алайда оппозиция ол сөздерді жоққа шығарды.

Қатысушылар санының азайғанына қарамастан шерулердің пасхадан кейін қайта жалғасатынын ұйымдастырушылар айтуда.
XS
SM
MD
LG