Accessibility links

Душанбеде кіші құрылтай басталды


«Азия-Плюс» агенттігінің хабарлауынша, бүгін Тәжікстанның астанасы Душанбеде Қазақстан елшілігі мен Тәжікстан қазақтарының «Бәйтерек» қоғамдық ұйымы бірлесіп өткізетін Орталық Азия, Иран, Ауғанстан елдері қазақтарының кіші құрылтайы басталды.

Агенттіктің мәліметінше, қазақтардың кіші құрылтайы алғаш рет Орталық Азия аумағында өткізілуде.

Душанбедегі құрылтайға Иран, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері қатысады. Қазақстаннан баратын делегацияны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының орынбасары Талғат Мамашев бастап барды.
XS
SM
MD
LG