Accessibility links

Женевада БҰҰ-ның нәсілшілдік туралы конференциясы ашылды


Дүйсенбі күні Женевада нәсілшілдікке қатысты халықаралық конференция басталды. Батыс елдері бұл жиын Израилді әділетсіз сынау үшін пайдаланылуда деп қауіптеніп, оған қатысудан бас тартып отыр. Басында Канада мен Израиль Женевадағы конференцияға қатыспайтындарын айтты. Сенбі күні АҚШ үкіметінің осындай шешіміне сондай-ақ Австралия, Германия, Италия, Голландия мен Жаңа Зеландия елдері қосылды.

Құқық қорғаушы топтар Еуропа жетекшілерін бұл жиынға қатысып, нәсілшілдік негізіндегі шабуылдардың алдын алу мәселесін көтеруге шақырды. Папа Бенедикт бұл конференция дискриминациямен күрес жолындағы жақсы мүмкіндік деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG