Атом энергиясы бойынша МАГАТЭ агенттігі Иранды АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі ұсынған бастамасына позитивті түрде жауап қайтаруға шақырды. МАГАТЭ басшысы Мохаммад Әл-Барадей АҚШ-тың жаңа ұстанымын қолдайтынын айтты.
МАГАТЭ агенттігі Иранның ядролық талпыныстарына қатысты Теһранмен күресіп келеді. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік әсіресе Иранның уранды байыту әрекеттерін тоқтатуды көздеген. Батыс елдері Теһранның уран байыту бағдарламасы ядролық қару жасауға пайдаланылуы мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ Иран ядролық технологиямыз бейбіт мақсатты көздейді деп отыр.
Осы айдың басында АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Британия мен Германия елдері ЕуроОдақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавиер Соланадан Иранды оның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені «дипломатия» арқылы шешуге бағытталған жиынға шақыруды сұрайтындарын айтты.