Ресей президенті Дмитрий Медведев екікүндік мемлекеттік сапармен Финляндияға барды. Медведев бүгін Финляндия президентімен кездесіп, Хельсинки университетінде сөз сөйлейді. Екіжақты келіссөздердің күн тәртібінде энергетикалық қарым-қатынастар мәселесі тұр.
Ресей жоспарланып отырған Солтүстік бағыт табиғи газ құбырына Финляндияның қолдау танытуын қалайды. Бұл құбыр Ресейден Балтық теңізі арқылы Германияға дейін салынбақ.
Ресей жоспарланып отырған Солтүстік бағыт табиғи газ құбырына Финляндияның қолдау танытуын қалайды. Бұл құбыр Ресейден Балтық теңізі арқылы Германияға дейін салынбақ.