Accessibility links

«Сазген сазы» ансамблінің концерті болады


Бүгін сағат 18.30-да Алматыдағы «Қазақконцерттің» залында Қазақстан сахналары мен шетелдерде өтетін түрлі шараларда ұлттық нақыштағы музыка мен қазақтың ерте заманғы музыка аспаптарын терең насихаттап жүрген фольклорлы-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблінің концерті болады, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Концерттік бағдарламада ҚР-ның халық әртістері Е. Хасанғалиев, Н. Нүсіпжанов, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі А. Мейірбеков, Абай атындағы опера және балет театрының солистері Г. Дәуірбаева, Б. Бөкенов, Д. Уашев, сондай-ақ белгілі орындаушылар А. Қосанова, Ж. Ержановтар өнер көрсетеді.
XS
SM
MD
LG