Accessibility links

Алматыда Аралды құтқару қорының саммиті өтеді


ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 сәуірде Алматы қаласында халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді.

Аталмыш басқосуда қордың қызметіне қатысты, оның жарғылық органдарының – Басқарма, Атқару комитеті мен Тексеру комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру, қордың халықаралық ұйымдармен, қаржылық құрылымдармен және донорлармен ынтымақтастығын күшейту мәселелері талқыланбақ.

Қордың құрылтайшы мемлекеттері президенттерінің өткен жылғы шешіміне сәйкес, алдағы үш жылдық кезеңде (2009-2011) ХАҚҚ төрағалығының міндетін Қазақстан Республикасы атқарады.

Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) 1993 жылы Орталық Азия мемлекет басшыларының шешімімен Арал теңізі бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарлары мен бағдарламаларын қаржыландыру мақсатында құрылды. Қордың құрылтайшылары – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан.
XS
SM
MD
LG