Accessibility links

«Тасжарған» газетіне қатысты сот отырысы өтеді


Ертең сағат 10.00-де Алматы қалалық сотының бақылау алқасында сот отырысы өтеді. Онда ҚР парламент мәжілісінің депутаты Ромин Мадиновтің шағымына байланысты алғашқы инстанциядағы сот шешіміне қарсы «Тасжарған» газетінің шағымы қаралады.
Осы сот алқасының отырысында «Тасжарған» газетінің әрі қарайғы тағдыры шешілмек.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мадинов 2008 жылы 24 сәуірде өзінің ар-намысына тиген «Байғұс латифундист» атты мақаланы басты деп «Тасжарған» газеті мен оған мақала берген тәуелсіз журналист Алмас Көшербаевты сотқа беріп, моральдық өтем ретінде газет редакциясынан 300 миллион теңге өндіріп алуды талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG