Accessibility links

БҰҰ Бас Хатшысының Иран президентінен көңілі қалды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Махмуд Ахмединежадтан көңілі қалғанын айтып, Иран президенті БҰҰ-ның нәсілшілдікке қарсы конференциясын Израилге шабуыл ретінде пайдаланды деп айтты.
Пан Ги Мун Ахмединежадтің Женева конференциясындағы сөзінде бөлінушілікке жол бермеу керектігін алдын-ала ескерткенін, бірақ оның орнына Иран президенті мінберді айыптау мен арандатушылық сөздер айтып, кездесудің мақсатын бұзғанын айтып отыр.
Дүйсенбі күні конференцияда сөз алған Иран президенті Махмуд Ахмединежад Израилді аямай сынап, оны қатал әрі нәсілшілдік режим деп атады. Сонымен қатар, Израиль құрылған Екінші дүниежүзілік соғыстан бері палестиналықтар бұл елден зардап шегіп келеді деді.
Жиынға қатысып отырған Британия, Франция және басқа да еуропалық елдер Ахмединежадтың ол сөзіне наразылық танытып, отырысты тастап шығып кетті
XS
SM
MD
LG