Accessibility links

Қытай мен Ресей мұнайға қатысты келісім жасады


Бүгін Мәскеу мен Бейжің Қытай базарына мұнай жеткізуші құбыр салатын мультимиллиардтық ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Ақпан айында жасалған бұл келісімге Қытай вице-премьері мен Бейжіңге барған Ресей вице-премьері Игорь Сечин қол қойды.
Сечиннің айтуынша, шығыс сібір-тынық мұхиты арқылы Қытайға мұнай құбырын салу 2010 жылы аяқталуы мүмкін.
Оның айтуынша:
«Бұл қаржы көздерінің қолдауындағы ерекше, ұзақ мерзімді келісім бүгінде біз құрылысын бастап кеткен мұнай құбыр арқылы Қытай Халық Республикасына қарай бағытталған».

Қытай-Ресей келісіміне Ресейдің құбыржолын салу мен Қытайға мұнай жеткізу шаралары кіреді. Бейжің ол үшін Ресейдің Роснефть компаниясы мен тасымалдаушы Транснефть компаниясына 25 млд доллар несие беріп отыр.
XS
SM
MD
LG