Accessibility links

Азаттықтың қырғыз тіліндегі хабарларын қорғайтын қозғалыс құрылды


Бүгін Азат Еуропа/Азаттық радиосының қырғыз тіліндегі хабарлары мен оның тыңдармандарының құқын қорғайтын қозғалыс құрылып отыр. Жаңа қозғалыстың жетекшісі Өндуруш Тоқтаназаровтың айтуынша, ұйымының мақсаты – Қырғызстандағы мыңдаған Азаттық тыңдармандарының еркін ақпарат алу құқын қорғау болып табылады. Оның сөзіне қарағанда, қырғыз билігі Азаттық хабарларының елге таратылуын шектеп отыр.
Азаттық радиосының қырғыз тіліндегі бағдарламасына берілген FM орта толқыны қайтып алынып, өткен жылғы қараша айынан бері жергілікті телеарналардағы Азаттықтың телебағдарламасы тоқтатылды.
Жаңа құрылған қозғалыс жетекшісі Өндуруш Тоқтаназаров Азаттық радиосының қырғыз қызметіне орта толқын беріліп, телебағдарламасы қайта шығуы керек деп отыр.
XS
SM
MD
LG