Accessibility links

БҰҰ нәсілшілдікке қарсы декларация қабылдады


БҰҰ-ның нәсілшілдікке қарсы конференциясы расизм, жеккөрушілік және төзімсіздікке қарсы декларация қабылдады. Оның мәтіні өткен аптаның соңында 189 ел келіскен құжатпен бірдей болып отыр.
Мәтіннің алдыңғы жеңілдетілген түрінен ең даулы бөлім алынып тасталды. Онда Израиль туралы қозғамау және дінді еркін сынауға шектеу болмаған.
БҰҰ-ның Женевадағы нәсілшілдікке қарсы конференцияның ашылуы Иран президенті Махмуд Ахмединежадтың сөзіне наразылық танытып, жиынды тастап шыққан батыстық елдердің бойкотымен басталған.
Сейсенбі күні Еуропа Одағы өзінің мәлімдемесінде, Иран президентінің “Израилді расист ел” деп айтуын қабылдамайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG