Accessibility links

Әблязовті БТА банкіне 200 миллион доллар төлеуге міндеттеді


БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті айыптау жөніндегі қылмыстық іс аясындағы прокуратураның үш шағымын қанағаттандырған сот 30 миллиард теңгеден астам ақша көлемінде банктің пайдасына шешті, — деп хабарлайды Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

«Бұған қоса Алматы ауданаралық арнаулы сотына прокуратура органдарынан банктің пайдасына 100 миллиард теңге өндіріп алу мен кепілдегі үш ұшақты және жер телімдерін қайтару туралы 19 шағым түскен», — деді ол.

Сапарбек Нұрпейісовтің айтуынша, алдын ала тергеу орындары Мұхтар Әблязов пен оның сенімді тұлғаларына тиесілі салынып жатқан тұрғын үй кешеніндегі 825 пәтер мен Алматының орталығындағы сегіз кеңсе ғимаратын, 25 көлік пен басқа да мүліктерді анықтап, тұтқындаған.
XS
SM
MD
LG