Accessibility links

Құрама Штаттар Грузияда өтетін НАТО әскери жаттығуларын қорғауда


Бұл үдеріс Ресейге қатер төндірмейді дейді АҚШ тарапы. АҚШ Мемлекеттік департаментінің түсіндіруіне қарағанда, бұл жаттығулар НАТО-ның Грузиямен қалыпты қарым-қатынасының бір бөлігі боп табылады. Сондай-ақ Грузияны НАТО талаптарына сай дайындықтан өткізу көзделуде. Ресми Мәскеу мамырдың 7-не жоспарланған НАТО-Ресей кеңесіндегі тараптар басшылары кездесуін кейінге қалдырды деген хабардан кейін осы мәлімдеме жасалған болатын. Ресей басшылығы бұдан бұрын аталған жаттығулардың өтуін қатты сынға алған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG