АҚШ-тың Штаб басшылары біріккен комитетінің басшысы, адмирал Майк Мюлен бүгін, сәуірдің 22-де Ауғанстанға күтпеген сапармен барды. Ол жаңа сипаттағы жергілікті қауымдастықтың қорғаныс бағдарламасына шолу жасау үшін Вардак аймағына барды. Қарулылардан туған ауылдарын қорғағысы келген жергілікті ынталылар аталған бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаны АҚШ қаржыландырып отыр. Алайда оған бақылауды Ауған İшкі істер министрлігі жасауда. Дәл осындай бағдарлама Ирақ сүннілері арасында табысты түрде жүзеге асқаны белгілі.