Accessibility links

БҰҰ-ның Косоводағы қызметінің аяқталғаны жөн деді Косово президенті


Себебі ел тәуелсіздігін алғанына бір жыл өткеннен кейін бұл қызметтің қажеттілігі байқалмауда деді Фатмир Сеждию. БҰҰ Косовода Қауіпсіздік кеңесінің 1999 жылғы қарары негізінде қалуда. Косовоны серб әскерінен азат ету үшін бұдан 10 жыл бұрын аймаққа енген НАТО-ның көмегін президент жоғары бағалады. Косово тәуелсіздігін қазірге дейін 58 ел мойындады. Олардың қатарында АҚШ пен ЕуроОдаққа мүше елдер де бар. Сербия мен Ресей Косово тәуелсіздігін ешқашан мойындамайтындарын қайталаумен келеді.
XS
SM
MD
LG