Алматыда VIII халықаралық Еуразиялық Медиа Форум басталды. Азаттық тілшісінің хабаралуынша, форумның ашылу салтанатында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев сөз сөйледі. Сондай-ақ форумға қатысушылар алдында ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Еуразиялық медиафорумның биылғы шарасына қатысушы делегаттар арасында ЕҚЫҰ, Солтүстік Атлантикалық Альянс, БҰҰ -ның жоғарғы буын басшылары мен әлемдік медиақоғамдастықтың жетекшілері бар. Медиафорумда Гарвард университетінің профессоры Найалл Фергюссон, танымал ресейлік экономист Михаил Хазин, АҚШ қазынашылық мекемесінің басшысының бұрынғы орынбасары Дэвид Меркель, Ресей Дипломатиялық академиясының профессоры Игорь Панарин, Ұлыбритания парламентінің мүшесі Джордж Галлоуэй секілді тұлғалар сөз сөйлейді деп күтілуде.