Accessibility links

Таразда «Алма-Ата Инфо» газетінің редакторына қатысты сот тыңдауы болады


Бүгін Тараздағы №2 қалалық сотта «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркепов, сондай-ақ «БМ» компаниясының басшысы, тараздық кәсіпкер Сұлтан Махмадов, осы компанияның күзет қызметінің бастығы Ерлан Сандыбаевтардың бір өндіріске біріктірілген қылмыстық істеріне қатысты сот тыңдаулары басталады. Бұл туралы Рамазан Есіркеповтің әйелі Раушан Есіркепова хабарлады.

Алдыңғы болып өткен сот отырысында сот төрешісі Азамат Тілепов айыпталушылардың адвокаттарының Рамазан Есіркепов пен Ерлан Сандыбаевтың ісін қайта қарау туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

Рамазан Есіркепов мемлекеттік құпияны жариялап таратқаны үшін, Сұлтан Махмадов заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін, ал күзет қызметкерлері құқық қорғау органдарына қарсылық көрсеткендері үшін айыпталуда. Рамазан Есіркепов пен Ерлан Сандыбаев Тараздағы тергеу изоляторында, Сұлтан Махмадов үйқамақта отыр.
XS
SM
MD
LG