Accessibility links

Грузия-Оңтүстік Осетия шекарасында атыс болды


Грузия мен оның жікшілдік аймағы арасындағы шекарада атыс орын алды. Бұл туралы екі жақтың ресми өкілдері хабарлады. Грузия мен Оңтүстік Осетия бұл оқиғаға байланысты бір-бірін кінәлап отыр. Атыстан ешкім зардап шекпеді.

Дәл сол уақыт аралығында Грузия мен Оңтүстік Осетия және Ресей ресмилері халықаралық бақылаушылармен кездесуге тиіс болатын. Олар өткен жылғы Ресей-Грузия соғысынан кейін аймақта қалыптасып отырған шиеленісті жағдайды талқылайды деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG