Accessibility links

Лукашенко ЕуроОдақ басқосуына қатыспақ


Беларусь президенті Александр Лукашенко Прагада өтетін ЕуроОдақтың саммитіне қатысады. Бұл хабарды Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Мартынов растады.

Өткен аптада Чехия сыртқы істер министрі Карел Шварценберг Лукашенкоға шақырту қағазын жіберді. Лукашенконың ЕуроОдақ басқосуына қатысуы Беларусь үшін ерекше дипломатиялық оқиға болмақ.
XS
SM
MD
LG